Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ақтөбеге Тәжікстан Республикасы жөнелткен гуманитарлық көмек келді. Көрші мемлекет әртүрлі құрылыс материалдары бар бірнеше вагон жіберген, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе облысына Тәжікстаннан гуманитарлық көмек келді
© Photo : Пресс-служба акима Актюбинской области
Тәжікстан үкіметі табиғи апаттан зардап шеккен еліміздің тоғыз облысына 50 вагон гуманитарлық көмек жеткізді. Жүктің жалпы салмағы – 2 518 тонна.
«Ақтөбе облысына 9 вагон бөлінді, оның ішінде 27 360 литр ауыз суы, 5400 дана асбест-цемент шифері, 60 тонна шеге, 70 тонна ағаш материал, 240 тонна цемент бар», — деп жазылған хабарламада.
Бұл көмек су тасқыны салдарынан зардап шеккен отбасыларға қолдау ретінде бағытталып отыр.
Ақтөбе облысына Тәжікстаннан гуманитарлық көмек келді
© Photo : Пресс-служба акима Актюбинской области
Айта кетері, гуманитарлық көмекті қабылдау мен түсіруге әскери қызметшілер жұмылдырылды.