TikTok жасанды интеллектке қатысты жаңа ережелер енгізеді  - kaz.caravan.kz
  • $ 447.8
  • 516.76
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
TikTok жасанды интеллектке қатысты жаңа ережелер енгізеді 

TikTok жасанды интеллектке қатысты жаңа ережелер енгізеді 

Платформа ЖИ сауаттылығын арттырып, AI арқылы жасалған контентті белгілеуді және ЖИ спамымен күресуді күшейтпек.

  • 15 Қыркүйек
  • 1
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

TikTok қолданушылардың жасанды интеллектіні қауіпсіз әрі жауапкершілікпен пайдалануына бағытталған жаңа жобаларын таныстырды.

Платформа ЖИ сауаттылығын арттырып, AI арқылы жасалған контентті белгілеуді және ЖИ спамымен күресуді күшейтпек.

Компания мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы үш айында әлем бойынша 86 миллионнан астам жалған аккаунт жойылған. Ал қазірдің өзінде 3 миллиардтан астам видеоға ЖИ белгісі қойылған.

Сонымен қатар TikTok қолданушыларға ұсыныстар лентасындағы ЖИ контентінің көлемін өз қалауынша реттеуге мүмкіндік беретін жаңа функцияны сынақтан өткізіп жатыр.