"Қыздар сақтаныңдар": Заңгер жігіттерден ақшалай сыйлық алмауға кеңес берді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қыздар сақтаныңдар": Заңгер жігіттерден ақшалай сыйлық алмауға кеңес берді

"Қыздар сақтаныңдар": Заңгер жігіттерден ақшалай сыйлық алмауға кеңес берді

Сүйіктісінен ақшалай сыйлық алатын қыздар заң алдында жауап беруі мүмкін.

  • 6 Маусым
  • 40
Фото: ашық дереккөз

Заңгер Қайырхан Балғабеков қыздарға сүйіктісінен ақшалай сыйлық алмауға кеңес берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Заңгердің сөзінше, қазіргі таңда Түркістан облысында іс қаралып жатыр. 

«Ол іс бойынша жігіт өз сүйіктісіне 10, 15, 20 мың теңге ақша аударып жүрген. Екі жылдың ішінде аударымдар сомасы 1,4 миллион теңгеге жуықтап қалған. Кейіннен ол қыз ол жігітпен жүргісі келмей, екеуі екіге кетеді. Бірақ уақыт өте келе жігіт қалай кек алсам екен деп ойлайды. Осылайша ол қызды сотқа берген. Қазір іс бойынша қиындықтар туындап жатыр. 

Себебі аударымдар жасалған, ақша түсіп отырған. Енді судья ол сыйлық ретінде берілгенін дәлелдеуімізді сұрайды. Ал олар қарым-қатынаста болған кезде жазған хаттардың бәрі өшіп кеткен”, — дейді заңгер.