Палестинадағы геноцидті тоқтатуға ешкімнің қауқары жетер емес - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Палестинадағы геноцидті тоқтатуға ешкімнің қауқары жетер емес

Палестинадағы геноцидті тоқтатуға ешкімнің қауқары жетер емес

Күллі мұсылманнан ұйқы қашты.

  • 7 Маусым
  • 4
Фото: ашық дереккөз

Өйткені Палестинадағы бауырларымыз қынадай қырылып жатыр. Газа қаласы… енді міне, Рафах қаласы қанға боялды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы Қасым Қасабеков өзінің парақшасында жазды.

«Адамның ой-қиялы шарықтаған, технология қарыштаған қазіргі дамыған заманда қантөгіс, қатігездік, жауыздықтың болуы ақылға сыймайды.

Жүрек қан жылайды. “Бір кемедегі адамзат” мұндай жауыздыққа қалайша жол берді екен?! Алпауыт елдер, БҰҰ неліктен шарасыз?! Сұрақ көп. Амал жоқ.

Жалпы, БҰҰ құру идеясы екінші дүниежүзілік соғыстың тұсында пайда болған. Соғыстың тоқтауына мүдделі болған түрлі елдің басшылары бірігіп, 1945 жылы БҰҰ-ын құрады.

Содан бері оның басты мақсаттарының бірі — әлемдегі бейбітшілікті сақтау-тұғын.

Бірақ бұл жолы ол мақсат орындалмай тұр. Палестинадағы геноцидті тоқтатуға ешкімнің қауқары жетер емес. БҰҰ-ның жоғары соты Израильге үкім шығарып, Рафахтағы соғысты дереу тоқтатуға міндеттегенін естіген шығарсыз. Бірақ жауыздық тыйылған жоқ. Бейбіт халық әлі де ажал құшуда. Израиль билігіне БҰҰ-ның тісі батпайтыны бұрыннан байқалған еді. Бұл жолы да міз бақпады.

Қырғын басталғалы бері 9000-нан астам бауырларымыз қаза тауыпты. Статистика дегеніміз әншейін сандар ғой. Шын мәнінде, қаза тапқандар бұдан да көп деп ойлаймын.

Ең өкініштісі, Палестина балалары зар еңіреді-ау. Оларда мүлде таңдау қалмады. Соғыс жалғаса берсе, не оққа ұшады, не аштан өледі…

Қарғыс атқыр қантөгіс тоқтаса екен. Құдіреті шексіз Алладан тілейік. Еврейлердің ішінде де бұл жауыздыққа қарсылар көп. Өйткені адамның жаманы болғанымен, ұлттың жаманы жоқ. Әлемнің әр жерінде бұл әделетсіздікке әркім өзінше үн қата алады, байкот жасап та, бейбіт шеруге шығып та үлес қоса алады. Ең құрығында үйінде отырып та дұғамен де көмектесе аласың. “Көп тілеуі — көл” болып, Палестина аспаны қайтадан ашылса екен», — деді журналист.