Тойлай бермей, балаларымызды қорғауды үйренейік - журналист - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тойлай бермей, балаларымызды қорғауды үйренейік - журналист

Тойлай бермей, балаларымызды қорғауды үйренейік - журналист

1 маусым балаларды қорғау күні. Бұл күнді біз тойлай білеміз, ал қорғауды үйрендік пе? Осыны ойлауымыз керек.

  • 7 Маусым
  • 20
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы журналист Қасым Қасабеков өзінің парақшасында жазды деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қазақстан бала зорлау қылмысы бойынша ТМД елдерінің ішінде көш бастап тұр. 2023 жылғы дерек бойынша, халықаралық рейтингте 120 мемлекеттің ішінде 46-шы орында екен.

Жылына қанша баланың педофилия құрбаны болып жатқанын нақты статистикамен айту мүмкін емес. Өйткені талай бүлдіршіннің тағдыры тасада талқан болған. Ол туралы тірі жан білмейді.

Педофилдер «қой терісін жамылған қасқырлар» сияқты. Қай заманда да қоғамның ішінде елеусіз жүреді.

Балаларға зорлық-зомбылық көрсететін айуандар бұрынғы заманда да, кеңестік кезеңде де болған. Бірақ кеңестік идеология оны жасырын ұстады. Жария қылмады.

Ал қазір ақпарат ағымына тосқауыл жоқ. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің зорланғаны туралы жантүршігерлік жаңалықты өте жиі естиміз. Естіп, жағамызды ұстаймыз. Бір жағынан, айтылғаны, жария болғаны жақсы сияқты. Бір жағынан, «жамандық балалайды» деген ұғым да бар.

Қалай десек те, қазіргі қоғам — қауіпті ортаға айналды.

Қорғансыз балаларымызға тек өзіміз, ата-аналар, жауапты болатын заман туды. Бұрынғыдай көршінің үйіне қалдырып, күнұзақ жұмысқа кететін бейқам кездер келмеске кетті.

Балаларымызды қорғайтын қауіп жетеді.

— Зұлымдықтан

— Адасушылықтан

— Имансыздықтан

— Жамандықтан

— Педофилдерден

— Жаман әдеттерден

— Қауіп-қатерден

— Оқыс оқиғалардан сақтауымыз керек.

Кейде өзімізден де қорғау керек кездер болады.

«Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ» сияқты теріс әдеттерді де жас өскін балаларға сіңіретін өзіміз. Бақытты балалық шақты тек ата-ана бере алады.