Халық ауылдан қашады. Себебі - жұмыссыздық. Үкімет не шешті? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халық ауылдан қашады. Себебі - жұмыссыздық. Үкімет не шешті?

Халық ауылдан қашады. Себебі - жұмыссыздық. Үкімет не шешті?

Жыл сайын ауылдан қалаға 200 мың қазақстандық көшеді. Көшудің басты себебі – жұмыссыздық.

  • 11 Маусым
  • 24
Фото: ашық дереккөз

Ведомство мәліметінше, көшудің басты себебі – ауылдардағы жұмыс орнының тапшылығы мәне инфрақұрылымның диспропорциясы. Сонымен қатар, ауылдықтардың табысы қалалықтармен салыстырғанда төмен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Енді үкімет ауылды жерлерге халықты қызықтыру үшін жаңа әдістер ойластырып жатыр.

Ауылға көшуді шешкен мамандар бастапқыда – 100 АЕК (2024 жылы 369 200 теңге) көлемінде қомақты жәрдемақы алады.

Бұл медицинада, білім беруде, әлеуметтік салада, мәдениетте, спортта, ауыл шаруашылығында және мемлекеттік қызметкерлерде жұмыс істейтін мамандарға қатысты болады.

Сондай-ақ, оларға ауылдық жерлерге қоныс аударушыларға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие беріледі. Мұндай несиенің мөлшері ауданның әкімшілік орталығында немесе басқа ауылдық елді мекенде орналасқан жеріне байланысты 2500 АЕК (9,2 млн теңге) дейін болуы мүмкін.

Жергілікті билік болашаққа қажетті мамандардың тізімін жасап, жариялауы керек.

Бұл қолдауды алу үшін мамандардың өтініш берген кезде өтелмеген несиелері және соңғы екі жылда айтарлықтай қарыздары болмауы керек. Олар сондай-ақ сұранысқа ие мамандық бойынша жұмыс істеуі керек және соңғы екі жыл ішінде ауданда немесе қалада мүлікке иелік етпеуі керек.

Бұл өзгерістер ауылдық жерлерде қажетті мамандарды тартуға және және осылайша осы жерлерде өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Көтерілген мәселе бойынша қоғамдық талқылау 21 маусымға дейін жүреді.