Бағдат Мусин "Қазақтелеком" басшылығына келді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бағдат Мусин "Қазақтелеком" басшылығына келді

Бағдат Мусин "Қазақтелеком" басшылығына келді

Бағдат Мусин 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін басқарды.

  • 11 Маусым
  • 17
Фото: ашық дереккөз

Бағдат кәсіпте жүрсе де “жалғыз мүйіздіні” ноқталайтын әлеуеті бар айти маманы. Осындай білімді-білікті жігіттердің билік басында жүргенін қалаймын, деп жазыпты Шыңғыс Мұқан өзінің қуанышын жасырмай, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қалай дегенмен, қазіргі уақытта халықтың өмір сапасы биліктегілердің сапасына тәуелді. Сондықтан сапалы мамандарға билік қажет емес, бірақ билік білікті мамандарға мұқтаж.

«Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұрынғы басшысы Бағдат Мусин «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Компанияның бұрынғы басшысы Қуанышбек Есекеев мемлекет басшысының кеңесшісі қызметіне тағайындалды», — делінген «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Telegram-дағы арнасында.

Бағдат Мусин 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін басқарды.

Биыл 30 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қызметінен босатты. Кейінірек Мусин әлеуметтік желіде отставкаға кеткенін хабарлады.

Бұған дейін Тоқаев «Қазақтелекомның» басшысы Қуанышбек Есекеевті президент кеңесшісі лауазымына тағайындаған болатын.

«Министр болып жүргенде өз алдына бір патшалық болған “Қазақтелекомның” біраз ішкі сырынан хабардар Мусин тәртіп алып келеді деп ойлаймын. Кезінде қаным қайнап, altel/tele2 туралы жазғанымда да дереу жауап берген-ді. Есекеевтердің сын дегенге еті өліп қалғаны қашан?! Елдің пікіріне құлақ аспайтын да шығар.

Кезінде Бағдат корпсекторда “Қазпоштаны” да батпақтан шығарып алып еді. Поштаның қазіргі жетістігі, шыны керек, сол кезде басталғанын ешкім жоққа шығармас, әсіресе “қазпошталықтар” айтып береді», — деді Шыңғыс Мұқан.