Дәрі бар, әрине. Оны дер кезінде ұйымдастыратын билік жоқ, өкімет жоқ. Министр, әкім, шенеунік жоқ. Осылар әдейі істей ме, халыққа жау ма?
Азық іздеген жәндіктер ешнәрсеге бой беретін емес, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Әкімдер жейтін түк таппай, құрттың, шіркейдің, шегірткенің, масаның дәрісін жейтін болған ба? Бұл туралы журналист Сәуле Әбілдаханқызы пікір білдірді.
Отырар, Шардара, Арыс аудандарының халқы жылда көктемде шіркеймен алысып жатады.
Оларға биыл Кеген ауданы қосылды. Егіс алқабын құрт басып қалды. Әбден жетіліп, қанаттанып алған зиянкестердің әзірге беті қайтатын түрі жоқ. Жолында кездескенді жайпап барады.
Одан Арыс ауданының диқандары шегірткеге таланды. Өздері ғана таланса бір жөн, еккен егіндерін түгел жайпап кетті.
Шегіртке гектарлап егін еккен жұрт тұрмақ, есік алдындағы алақандай жерге бақша отырғызғандардың өзін әбігерге салып қойды. Шамасы келгендері таң сәріден қара кешке дейін қолындағы желпуішімен осылай егістігін қориды. Одан қалса көліктің ескі доңғалағын өртеп, қорғануға мәжбүр.
Енді Атырау халқын миллиард маса талап жатыр.
«Қайыршыға жел қарсы» болды ма, не болды?
Әлде дәрілерді де әкім-қаралар жеп қойды ма? Уланған ешқайсысы жоқ па, байқамадыңыздар ма?
Анау ақилардың «шегіртке халал» деп сайраулары да тегін емес. Әкім-қаралар тоймаса, шегіртке, шіркей, маса жейтін күнге де жетеді-ау», — деп шүйлікті журналист.