Шегіртке дауы: Дау неден шықты, билік не дейді, шариғатта не делінген? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шегіртке дауы: Дау неден шықты, билік не дейді, шариғатта не делінген?

Шегіртке дауы: Дау неден шықты, билік не дейді, шариғатта не делінген?

Биыл елдің төрт бірдей өңірінде шегіртке дауы өршіді. Олардан астыққа келетін қауіп – орасан.

  • 12 Маусым
  • 18
Фото: әлеуметтік желіден алынған

Бұл мәселені журналистер мәжіліс кулуарында үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғаринге қойған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Әшкере арнасына сілтеме жасап.

Ол бірден шегіртке бүгін я кеше келген жәндік емес екенін, байырғы заманнан келе жатқанын айтқан.

Сосын ол кейбір елдер шегіртке өндіруді және олардан керемет ақуыз тағамдарын дайындауды үйренгенін айтқан. Ал сөзінің соңында бұл тағам бізге келмейтін шығар дейді де, «бірақ, шын мәнінде, бұл халал өнім» деп қалған.

Дау содан басталды. Ал Шариғат және пәтуә бөлімнің маманы Елбек Тасболатұлы Factheck.kz редакциясына берген сұхбатында шегіртке халал екенін түсіндіре бастады. Бірақ ол да жеуге болатынын айтқанымен, адал деген сөз жей беру керек дегенді білдірмейтінін ескерткен.

«Яғни оны жеу міндеттелмейді, әр өңірдің табиғаты мен мәдениетіне байланысты жеу/жемеу әркімнің өз еркінде», — дейді дін қызметкері.

Ал БҰҰ мәліметтері бойынша, шегіртке – әлемдегі ең танымал жеуге болатын жәндіктердің бірі. Оны тек Қытайда ғана емес, Азияның басқа елдерінде де, Африка мен Латын Америкасында да жейді екен.

Ал Атырауды маса қаптап, тұрғындар үйлерінен шыға алмай жатыр. Әлеуметтік желіде тұрғындар түсірген видеолар пайда болды.

Қала аумағында зиянкестерге қарсы улау жұмысын жүргізуді жергілікті әкімдік кеш бастаған. Әзірге демеушілердің ғана көмегіне жүгінген. Өйткені мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі әлі жарияланбаған. Биыл маса улауға 100 млн теңге қаржы бөлініпті. Бірақ конкурсқа қатысатын компаниялардың құжаттарынан қате кетіп, кейінге қалдырған. Осындай келеңсіздіктен қазір қала халқы масаға таланып отыр.