СҚО-да шұжық пен тұшпарадан көз жұмды делінген екі баланың туыстары болған жағдайды айтты делінген Батыр деген журналистің парақшасында, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Солтүстік Қазақстанда бүтін бір отбасы тамақтан уланып, өрімдей екі бала көз жұмды. Ал балалардың анасы мен 10 жастағы үлкен ұлы жансақтау бөлімінде жатыр.
Туысқандарының айтуынша, балалардың анасы екі күн бұрын дүкеннен азық-түлік сатып алған. Ал кешке тұшпара мен шұжықтан тамақ әзірлеп берген екен.
Кешкі астан кейін анасы үш баласымен бірге өздерін жайсыз сезінген көрінеді.
Қазір тергеушілер дүкеннің есігіне мөр басып, жауып тастаған.
Үш бала түнімен құсып бастары айналып, қатты ауырғаннан кейін ауылдағы фельдшер алғашқы көмек көрсетіпті. Бірақ таң ата анасының қасына келіп жатқан үш жасар кішкентай ұлдары сол күйі оянбаған екен. Ал анасы мен тағы екі баласы ауыр халде ауруханаға жеткізілген.
“Кішкентай Василий анасының көз алдында көз жұмды. 6 жастағы Алиса кеше кешке ауруханада көз жұмды деген хабар келді. Тұшпара мен шұжық, газдалған сусын алған. Оны әкесінен басқа бәрі жеді. Содан ба деп ойлаймыз”, – дейді қайтыс болған балалардың атасы Сергей Коваленко.
Өрімдей балалардың өлімі түгел ауылды есеңгіреткен. Ауылдағылардың айтуынша қайтыс болған қыз бала 20 күн бұрын бірінші сыныпты ғана аяқтаса, кіші ұлы шағын орталыққа барып жүрген.