Әйел неге бірден зорлық көргенін айтпайды? - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйел неге бірден зорлық көргенін айтпайды?

Әйел неге бірден зорлық көргенін айтпайды?

Белгілі коуч Роза Әшірбаева қыздарға кеңес берді.

  • 17 Маусым
  • 8
Фото: ашық дереккөз

Қазіргі күн тәртібіндегі аса маңызды тақырыптардың біріне айналған бұл тақырып расымен де көпшілікке қажет. Әсіресе, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

1. Көп зәбір көрушілер басы тұманданып тұрғандай күн кешеді, өйткені агрессор оған мазасызданып тыныштық бермейді. Ол құрбаны тыныштықта өмір сүрмеу үшін бәрін істейді (шамасы келмесе де көп бала туғыздырады, туған-туысты мойнына іледі, ұйықтатпайды) Агрессорға миы шаршаңқы адамды контрольда ұстау оңай, ал құрбан оған психологиялық тұрғыда тәуелді болып қалады. 

2. Агрессор үнемі құрбанын қорқытады, бопсалайды. Зәбір көруші бұдан үлкен бәлеге қаламын деп барынша үнсіз жүреді.

3. Үздіксіз психологиялық қысым зәбір көрушінің сағын сындырады. Ол өзіне сенімсіз, сондықтан “осыдан артық жар таппаймын, менің тағдырым осы, мен осыған лайықпын” деп өзін жұбатып жүреді.

4. Агрессор құрбанын “сен кімге керексің? саған ешкім сенбейді, көмектеспейді” — деп сендіреді. Зәбір көруші ұяттан қысылып, көмек сұрамай жүре береді. 

5. Біздің қоғам отбасының берекесі мен бақытын, тіпті еркектің жетістігін әйелге байлайды. Сондықтан зәбір көруші өзін кінәлайды, менің бір жерім дұрыс емес, мен нашармын деп қоғамның сынынан қашады, сол үшін айтпай созып отыра береді. 

6. Агрессор кешірім сұрап, айбын жуып-шайып жүрген соң “ол өзгереді” деп соңына дейін үміттенеді. Оны ақтайды. 

7. Зәбір көрушіні агрессор барынша қаржылай тәуелді етеді, жұмысқа шығармайды, ешкіммен араластырмайды, ақшасын алып қояды, ақшасыз адам үнсіз болады. Абъюзерден кете алған әйелдердің бәрінің өз ақшасы болды.

«Зәбір көргендерді сөкпей, түсініп, қолдап үйренуіңіз үшін парақшамдағы соңғы посттарды жазып жатырмын.  “Өзімнен де бар, тілімнен таптым, еркектен таяқ жемеген әйел — әйел емес” — дейтін әйелдер зорлықсыз өмір бар екеніне сенбейді. Өздерін солай жұбатып, қорғайды. Есіңізде болсын, зорлықта таяқтың екі ұшы жоқ! Адамды ұру — қылмыс! Зорлықта тек зорлықшы кінәлі!