Жыл басынан бері елімізде жемқорлыққа қатысты 947 қылмыс тіркелген - kaz.caravan.kz
  • $ 488.11
  • 530.09
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
3 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері елімізде жемқорлыққа қатысты 947 қылмыс тіркелген

Жыл басынан бері елімізде жемқорлыққа қатысты 947 қылмыс тіркелген

660 адам әшкереленген. Оның 104-і – әртүрлі деңгейдегі басшылар.

  • 19 Маусым
  • 10
Фото: ашық дереккөз

Бұл Антикор басшысы Асхат Жұмағалидің президентке берген баяндамасы, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Әшкере телеграм арнасына сілтеме жасап.

Кездесуде айтылған басқа да деректер мынадай:

— тергеу амалдары аяқталған қылмыстық істер аясында 193,5 миллиард теңге өтелген. Жалпы, 2022 жылдан бері мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1,03 триллион теңге көлемінде мүліктік активтер мен қаржы қайтарылған;

— биыл білім, ғылым, спорт, дәрі-дәрмек сатып алу, құрылыс, жер телімдерін бөлу салаларына жүргізілген талдау және мониторинг жұмыстарының қорытындысы бойынша 113 есеп әзірленген;

— мемлекеттік органдарға жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған мыңнан астам ұсыныс берілген;

— алдын алу шаралары аясында, соның ішінде «Бірыңғай сатып алу терезесі» порталына мониторинг жүргізу арқылы 31 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеген;

— «Бизнеске жол» жобасын жүзеге асыру кезінде 7,5 мыңға жуық кәсіпкердің құқығы қорғалып, 67 түйткілді кейс шешімін тапқан.