”Оған қуанып жатқан жартыбастарды айтсайшы”: Ақбота Керімбекова істі болған Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппарды жақтап шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Оған қуанып жатқан жартыбастарды айтсайшы”: Ақбота Керімбекова істі болған Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппарды жақтап шықты

”Оған қуанып жатқан жартыбастарды айтсайшы”: Ақбота Керімбекова істі болған Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппарды жақтап шықты

Әнші Ақбота Керімбекова өзінің әріптестері Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожаны жақтап шықты.

  • 9 Шiлде
  • 4247
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Адам танитын жасқа келдік қой, рас, біздің эстрадада қызуқанды жігіттер бар, ол қасиет қазір оғаш көрінгенімен, бұрынырақ жігітке тән мінез саналатын ғой, бірақ, дәл @kair_n мен @abdizhappar_alkozha жанына тимесең көтеріле қоймайтын ең бір елгезек, кісі сыйлайтын інілердің қатарында болатын. Бірінен соң бірін тоғытатындай бұл не жағдай деп ойланып отырмын да… Кімнің қандай пиғылын бүркелемеу үшін 10-15 күн керек болды екен?.. 

Өмір сүру қиындап болып барады, сен тиіспесең саған тиісіп, сен желікпесең де желіктіріп… оған және қуанып жатқан жартыбастарды айтсайшы… Ақыры жақсы болсын дейік!.. Жігіттерді жарға жыға беру дұрыс емес!

Ерегескенде қоғам назарын басқа жаққа бұрмай, қулықтарға көнбей қойса ғой, шіркін”, — деп жазды әнші.