Референдум күні белгіленген соң, Орталық сайлау комиссиясының белсенділігі басталды. Бүгін сайлау комиссиясының отырысы өтіп, референдум қалай жүргізілетіні түсіндірілді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Жоспар бойынша, референдум кезінде 10327 учаске ашылады екен. Дайындық жұмыстарына 35 күн беріледі. 12 қыркүйекте референдум комиссияларының орны анықталады. Орталық комиссия басшысының айтуынша, референдумға бір ғана сауал болады.
«Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?».
Референдум қорытындысы бір аптадан кейін жарияланады. Дауыс беру таңғы 7-ден басталып, кешкі 8-ге дейін жалғасады. Сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерде жүрген отандастарымыздың да дауыс беруіне жағдай жасалады екен. Әлемнің 63 елінде 78 сайлау учаскесі ашылатын көрінеді. Бүгінде Қазақстан бойынша 12 миллионнан астам адам дауыс беруге қатысуға құқылы.
Жалпы, бұл референдумға 15 миллиард теңге жұмсалады екен. Салыстырмалы түрде қарасаңыз, бұған дейінгі сайлаулардан әлдеқайда аз болып тұр. Қаражаттың басым бөлігі бақылаушыларға жұмсалады.
Тоқаев жолдауында референдум өтетін күнді белгіленгенін хабарлап, осындай маңызды мәселе жөнінде халықтың пікірін білу маңызды екенін мәлімдеген еді.
Бұл референдум ел тарихындағы маңызды кезең болмақ. Біріншіден, келешектің энергетикасын Қазақстанда саламыз ба, жоқ па? Осыны бүкіл халық болып шешеміз. Екіншіден, бұған дейінгі референдумдар тікелей саяси мәселеге арналған еді. Енді, әлеуметтік мәселе бойынша да халықтың пікірі ескеріледі.