Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бұл туралы ол Qasqa Jol YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
«Арқан тартыс, аударыспақты қарасаңыз, жіңішке жігіттер! Көрермен ретінде бұл жігіттерден қатты үміт күтпеген. Бұлар жіңішке, ана жақтан дәу жігіттер шығады. Бірақ күш керемет. Сол жіңішке дененің артында қандай масқара күш.
Бүкіл жарыстарда жұлып алып жатты. Арқантартыста да солай болды, Иранның дәу жігітін жұлып алды. Мейір де сонда. Арқантартыста барлығы Шығыстың жігіттері.
ШҚО-да дайындалған, сол жақтың командасы. Қандай мүмкіндік бар, барлығын жұлып алды. Ол да қиын спорт. Бірнеше формат болды ғой, 1-1, 4-4 деген сияқты. Барлығын жұлып алып жатты», — деді ол.