Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жарыс 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанда өтіп, оған 109 елден 3 мыңға жуық спортшы қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ІІМ өкілдері де өнер көрсетіп, екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.
«Барлық жүлдегер — Ішкі істер министрлігінің ARLAN спорт клубының өкілдері».ҚР ІІМ баспасөз қызметі
- Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының 6636 әскери бөліміндегі спорт командасын даярлау орталығының спорт жөніндегі аға нұсқаушысы Болат Сапар самбодан 98 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді.
- Шығыс Қазақстан облысы ПД процессинг орталығының мемлекеттік автоинспекторы Достан Ошабаев арқан тартыстан алтын медаль жеңіп алды.
- Ақмола облысы ПД ЖҚАЖ инспекторы Алмас Жұмағали қырғыз күресінен 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленді.
Айта кетейік, жоғары спорттық жетістігі үшін Болат Сапар Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың марапатына ие болып, «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.
ІІМ-де өткен салтанатты кездесуде спортшыларға жоғары нәтижелері, жеңіске деген жігері және халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғағаны үшін алғыс білдірілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне кезекті арнаулы атақтар беріліп, марапаттар табысталды.