”Соттың үкімімен келіспейміз” - Нұрсұлтан Жақсыгеннің қорғаушысы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.88
  • 516.58
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Соттың үкімімен келіспейміз” - Нұрсұлтан Жақсыгеннің қорғаушысы

”Соттың үкімімен келіспейміз” - Нұрсұлтан Жақсыгеннің қорғаушысы

Бүгін ғана танымал актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.

  • 16 Қыркүйек
  • 1
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты актердің адвокаты Тілеужан Кішкенебаев мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Біз әрине соттың үкімімен келіспейміз, әділ, обьективті шығарды деп айта алмаймыз. Бұл парақша кімге тиесілі, ол парақшада жарияланған ақпаратты кім салды? Бұл Нұрсұлтанға тиесілі ме? Не басқа біреудің парақшасы ма? Осының бәрін анықтауды, зерттеуді сол бойынша бірнеше сараптама жасауды сұрағанбыз, өкінішке орай сот жасаудан бас тартты. Тек біржақты ғана үкім шығарды. Біз үкіммен келіспейміз, алдағы уақытта апелляциялық шағым түсіретін боламыз”, — деді адвокат.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Жақсыгенге Қылмыстық кодекстің 274-бабының 2-бөлігі, 3-тармағы бойынша, яғни онлайн-платформаларды пайдаланып көрінеу жалған ақпарат таратты деген айып тағылған еді.