2027 жылдан бастап елімізде балабақшалар лицензиясыз жұмыс істей алмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2027 жылдан бастап елімізде балабақшалар лицензиясыз жұмыс істей алмайды

2027 жылдан бастап елімізде балабақшалар лицензиясыз жұмыс істей алмайды

Лицензияны алмай, білім беру процесін бастауға заңмен рұқсат берілмейтінін айта кеткен жөн.

  • 21 Қараша
  • 7
Фото: Facebook.com

2027 жылдан бастап Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына лицензия алу міндеттеледі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл талап білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес енгізілуде.

Аталған заң жобасын Мәжіліс екінші оқылымда қабылдады.

«Кез келген мемлекеттік және жеке меншік мектептің басты міндеттерінің бірі — балалар үшін қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау. Оны бақылау үшін білім беру ұйымдарына министрлікпен біліктілік талаптар қойылған. Бүгінгі күні талаптар министрліктің 473 бұйрығымен реттелген. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында лицензия алу процесі толықтай автоматтандырылған. Бұл бір жағынан бизнес қауымдастыққа жасанды шектеулердің қойылуын жояды», — деді Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.

2023 жылы 114 жеке мекшік, 72 мемлекеттік мектеп бас лицензияларын алып, оларға білім беру қызметін бастауға заңды мүмкіндік берілді.

Бұл жерде лицензияны алмай, білім беру процесін бастауға заңмен рұқсат берілмейтінін айта кеткен жөн.

Аумақтық департаменттер лицензияны алушыны қолдау мақсатында құжаттарды қарастыру мерзімдерін барынша қысқарту ұстанымымен жұмыс жасауда. Алайда лицензиялау талаптарына өзгерістер енгізіліп отырады, мысалы бүгінгі күні балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін талаптар қайта қаралуда.

Сонымен қатар, E — license.kz порталындағы құжаттарды тіркеуді жүйелеу мәселесі пысықталуда.