Бұл жиын жаңа маусымға дайындық кезеңі ретінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Оқу-жаттығу жиыны аясында спортшылар жаттығуларын Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өткізіп жатыр.
Жаттығу жиынына шамамен 100 татами шебері қатысуда. Олардың қатарында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Әбиба Әбужақынова, Grand Slam турнирінің жеңімпаздары – Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбаев, Ғалия Тынбаева, сондай-ақ 2024 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.
Дереккөз: Федерацияның баспасөз қызметі.