"Көзіңді құрт": Әйгілі "Тамашаның" бұрынғы актрисасы өзін театрдан қуып шыққан басшылық пен әртістердің бар былығын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Көзіңді құрт": Әйгілі "Тамашаның" бұрынғы актрисасы өзін театрдан қуып шыққан басшылық пен әртістердің бар былығын айтты

"Көзіңді құрт": Әйгілі "Тамашаның" бұрынғы актрисасы өзін театрдан қуып шыққан басшылық пен әртістердің бар былығын айтты

Танымал актриса, көпшілікке "Тамаша", "Күлкі керуені" театрлары арқылы танылған Гүлжан Қалыбаева сахнадан жоғалып кетті.

  • 24 Ақпан
  • 459
Caravan.kz

Өнер иесі өзінің тағдыры мен сахнадан қуылу себебін алғаш рет айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Гүлжан Қалыбаева журналист Аман Тасығанның «Talk like» подкасытының қонағы болып, сұхбат берген. Ол онда жеке өмірі мен шығармашылығы туралы бар шындықты айтқан.

Актриса Гүлжан Қалыбаеваның жеке өмірі қалай болды?

«Ондай болды. Төлеген марқұмның мінезі өте қатты болды. Мен Төлегеннен қорқатынмын, сөздің шыны керек. Өйткені Төлегеннің ашуы қатты болатын. Сөздің шыны керек маған қол көтеретін. Сосын кешірім сұрайды, өйтеді-бүйтеді, бірақ ол факт.

Бізде мынадай қалыптасқан ұғым бар, ұрысса, ұрса ол жақсы көреді деген сенім бар. Ол маған бір жерде қалуға 5 минут рұқсат бермейтін. Мен оған 2 минут сайын хабарласып тұруым керек, «Мен келе жатырмын, таксиге отырдым, таксиден шықтым» деген сияқты. Сөздің шыны керек, мен Төлегеннен қорыққаннан ішімдік іше бастадым.

Сонда маған ол қарайтын, мүмкін қызық көретін, сөйтіп қол тигізбейтін. Маған ең бастысы сол керек болатын», — деп түсіндірді актриса.

Өнер иесі «Тамашадан» не себепті қуылды?

Сонымен бірге ол «Тамаша» әзіл-сықақ театрында болған жағдайды еске алды.

«Тамашаның» басшысы екі ойлы ұсыныстар жасай бастады. Мысалы, сен «Тамашаның» героиянысы боласың, өмір бақи сен сахнада жүресің дегендей. Мен айттым: «Кешіріңіз, мұндай болмайды, сіз менің әкемнен де үлкен жасыңыз» дедім. Ондай болса көзіңді құрт деді маған. Мен гастрольде жүргенде, білмеймін қайда екенін есімде жоқ, маған барып тұрып, концерттен алып тастады да, маған «Пошла вон» деді. Айдалада, көк тиынсыз, біреуден қарыз алып, машина жалдап Алматыға жеттім. Содан кейін мен қол үздім «Тамашадан», — деп ағынан жарылды актриса.

Актриса сахнадан көрінбей кетуінің де сырын түсіндірді. Ол АҚШ-қа қоныс аударған.

«Өкінген кездерім өте көп болды. Жалғызбын, бастапқы кезде қатты қиналдым. Ауырып қалған кезде де қатты қиналдым. Қасымда көмектесетін, арқасүйер ешкімім болмады. Қол ұшын беретін адам болмады, ол жақта әрқайсысы өзімен өзі. Біздегі сияқты үйіңе барып, шай ішу деген жоқ. Кіргізсе бір суын берсе рахмет, суын да бермейді кейде. Қатты қиналдым, өкіндім, бірақ менің кетуімнің себебі көп жағдайларға байланысты болды», — деді өнер иесі.

Ұяты болмаса не істейсің — Гүлжан Қалыбаева

Актриса бір жылдары пәтерінен айырылып қалғанын да сөз етті.

«Мұхамеджан Мырзакеев: «Ойбай, Гүлеке, мен Талғарда тұрамын. Үш балам бар деді. Ол кезде Төлегеннің өз үйі бар, біз сол үйде тұрдық, менің өзімнің жекеменшік үйім болатын. Маған мына үйді сатсаңыз қалай болады деді. Ақшам дайын тұр деді. Бір айда сізге ақшасын беремін деді.

Жарайды дедім. Үйдегі бүкіл мебелімен қоса, мен сол үйді сол кісінің атына жаздым. Договорда айттым, маған тым болмаса расписка бірдеңе бер деп. Ол: «Гүлеке өзіміз ғой, неужели сіз мені алдайды деп ойлайсыз» деген сияқты әңгіме болғаннан кейін, жарайды деп ешқандай расписка да жоқ, қолхат та жоқ, ештеңе алған жоқпын.

Төлеген қайтыс болғаннан кейін, анау бала айтты, мен сіздің театрда істемеймін деді. Мен айттым: «Істемесең істемей-ақ қой, бірақ маған квартирамды қайтарып бер. 5-6 жыл тегін тұрдың, бүкіл мебелімен алдың, 2 бөлмелі пәтер, қаланың ортасында. Дәлелде деді, «Өзің ақымақсың, маған ешқандай қағаз алмай маған үйді жазып бере салдың деді. Құдайдан қайтсын дедім, егер ұяты болмаса не істейсің», -деді Гүлжан Қалыбаева.

Перейти к новостям спорта