Елдос Сметов Азия ойындарының финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 439.37
  • € 498.6
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елдос Сметов Азия ойындарының финалына шықты

Елдос Сметов Азия ойындарының финалына шықты

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының финалына жолдама алды.

  • 30 Қыркүйек
  • 7
Фото: ҰОК, Сали Сабиров

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Сметов Қытайлық Тайбэй өкілі Юн Вэй Янмен кездесті. Қазақстандық спортшы белдесу барысында вазари ұпайын алып, жеңіске жетті.

Жекпе-жектің 2 минут 16-секундында Сметов нәтижелі әдіс жасап, алға шықты. Қалған уақытта қарсыласы есепті теңестіре алмады. Екі дзюдошы да бір-бірден “шидо” ескертуін алды.

Осылайша, Елдос Сметов Азия ойындарының алтын медалі үшін белдесетін болады.

Ұлттық құрама көшбасшысының финалдағы қарсыласы жапониялық Хаято Кондо болмақ. Финалдық жекпе-жектер 13:00-де басталады. Тіелей эфир “Qazsport” телеарнасынан көрсетіледі.