17 жасар қазақстандық теннисші US Open турнирінде тарихи жетістікке қол жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
17 жасар қазақстандық теннисші US Open турнирінде тарихи жетістікке қол жеткізді

17 жасар қазақстандық теннисші US Open турнирінде тарихи жетістікке қол жеткізді

Заңғар Нұрланұлы US Open турнирінің жартылай финалына өтіп, тарихи жетістікке қол жеткізді.

  • 5 Қыркүйек
  • 70
Фото: ҚТФ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында өтіп жатқан US Open турнирінің жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

Федерацияның мәлімдеуінше, Флашинг-Медоус корттарында өткен ширек финалда Заңғар 13-ші нөмірлі теннисші, ресейлік Тимофей Дерепасконы айқын басымдықпен жеңді.

Кездесу 6:2, 6:4 есебімен аяқталды.

Финалға жолдама алу үшін ол әлемдік ITF Juniors рейтингінің көшбасшысы, болгариялық Иван Иванов пен германиялық Максим Шонхауэс арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера