Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Жұмақ та, тозақ та адамның басында. Діни ұғым бар ғой, “жұмаққа барасың, еркектерге 72 хор қызын береді. Өзенде бітпейтін арақ-шарап ағып жатады, ішесің, мас болмайсың. 42 еркектің күшін береді” деген. Әйелдерге не беретінін білмеймін, әйтеуір соны айтып жатады. “Тозақ бар, Аса мейірімді, қамқор Алла мәңгілікке сені күйдіреді”, — дейтін. Меніңше, жұмақ та, тозақ та адамның басында. Триллион, триллион галактика, ғаламшардың ішінде өмір сүруге лайық ауасы бар, тіршілік етуге бүкіл мүмкіншілігі бар ол жер деген планета ғана. Сондықтан, жұмақ деген түсінік болса онда ол жер”, — деді кәсіпкер.
Сондай-ақ, кәсіпкер Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сөзін тілге тиек етті.
”Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, “жақсылық көрсеи өзімнен, жамандық көрсем өзімнен. Жұмақ күткіш наданнның орны тозақ әрқайда” дейді. Мен жердің астындағы жұмақты аңсамаймын, онша сенбеймін. Жердің бетінде жүрегімде тыныштық, жанымда жайлылық. Ғаламның керемет ғаламатын көріп, содан ләззат алып тіршіліктің әрбір жұтым ауадан, әрбір естіген сөзден, табиғаттың үнінен ләззат алып, өмір сүргім келеді. Менің ойымша, жұмақ деген осы”, — деді Ахметбек Нұрсила.
Желі оқырмандары кәсіпкерді бірден қолдай түсті. Олардың пікірлері мынадай болды:


