Мұнайдың бағасы алдағы аптада да 100 доллардан жоғары болғалы тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 450.91
  • 522.69
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұнайдың бағасы алдағы аптада да 100 доллардан жоғары болғалы тұр

Мұнайдың бағасы алдағы аптада да 100 доллардан жоғары болғалы тұр

Мұнай бағасы барреліне 100 доллардан жоғары деңгейде сақталып, жаңа сауда аптасын жоғары көрсеткішпен бастауға жақындады. Соңғы сауда сессиясының қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнайының бағасы барреліне 104,61 долларды, WTI маркасы 100,05 долларды құрады

  • 14 Қыркүйек
  • 1
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жұма күні Brent мұнайының бағасы 3,02 долларға немесе 2,81%-ға, ал WTI 2,43 долларға немесе 2,37%-ға арзандады. Соған қарамастан, апта қорытындысы бойынша екі марканың да бағасы мұнай жеткізіліміне қатысты тәуекелдер мен Таяу Шығыстағы шиеленіс аясында 8%-дан астам өсті.

Мұнай тасымалындағы іркілістер мен негізгі жеткізу бағыттарына қатысты қауіптің сақталуы нарыққа қосымша қысым көрсетіп отыр. Нарық қатысушылары Ормуз бұғазындағы жағдайды және өңірден шикізат экспортындағы басқа да тәуекелдерді бақылап отыр.