Бокстан ӘЧ-2025: Төрехан Сабырхан жартылай финалға шығу үшін бақ сынайды - kaz.caravan.kz
  • $ 501.79
  • 595.07
0 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан ӘЧ-2025: Төрехан Сабырхан жартылай финалға шығу үшін бақ сынайды

Бокстан ӘЧ-2025: Төрехан Сабырхан жартылай финалға шығу үшін бақ сынайды

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті.

  • 8 Қыркүйек 2025
  • 46
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Төрехан 70 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Роберт Боспен (Нидерланд) қолғап түйістірді.

Отандасымыз үшін бұл жекпе-жек оңай болған жоқ. Бірінші раундта нидерландтық боксшы басым түсті. Дегенмен Төрехан Сабырхан екінші раундта тізгінді қолына алды. Нәтижесінде, төрешілердің шешімі бойынша 4:1 есебімен жеңіске жетті.