Бұл туралы ақпарат IBA-ның Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Жарыстың жүлде қоры – 8 миллион АҚШ доллары, ал әрбір салмақ дәрежесінің жеңімпазына 300 мың доллар табысталады. Ал екінші орын алған боксшыға 150 мың доллар, қола жүлдегерге 75 мың доллар бұйырмақ. Бұл – бокс тарихындағы ең қомақты сыйақысы бар турнирлердің бірі болмақ.
IBA президенті Кремлёвтің айтуынша, чемпионат тек рекорд пен жүлде үшін ғана емес, әрбір спортшы мен ұлттық федерацияға лайықты құрмет көрсету үшін ұйымдастырылады.
“Бұл әлем чемпионаты тек рекордтар мен жүлде қоры туралы емес. Ол әрбір боксшыға, әрбір бапкерге және әрбір ұлттық федерацияға лайықты құрмет пен марапат беруді көздейді”, – деді IBA президенті Кремлёв.
Чемпионатқа қатысуға тіркелу тәртібі кейінірек жарияланады.
Бұл жарыста ел намысын қорғайтын боксшылар туралы федерация әзірге мәлімдеме жасаған жоқ. Дегенмен, Ливерпульде World Boxing өткізген әлем чемпионатында жеңімпаз атанған боксшыларымызға бір жылда екі дүркін әлем чемпионы атануға мүмкіндік туып отыр.
Айта кетейік, IBA соңғы рет әлем чемпионатын 2023 жылы Ташкентте өткізген еді. Ол додаға 110 мемлекет қатысты.

