Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 22:00-де «Qazsport» телеарнасында көрсетіледі.
Командалардың қазіргі жағдайы
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуін J тобында жалпы есепте 8 ұпай жинап, төртінші орынмен аяқтады. Кейінгі үш ойында команда жақсы нәтижелер көрсетті. Нақтырақ айтсақ, Лихтенштейнді 4:0 жеңсе, Солтүстік Македония (1:1) және Бельгиямен (1:1) тең түсті.
Фарер аралдары L тобында үшінші орын алды. Бірақ сырт алаңда өткен кейінгі ойында Хорватияға 1:3 есебімен жол беріп, әлем чемпионатына шығу мүмкіндігінен айырылды.
Матчтың букмекерлік коэфиценттері
“Winline.kz” букмекерлік компаниясының сарапшылары алдағы матчтың фавориті ретінде Фарер аралдары құрамасын атап отыр. Алаң иелерінің жеңісіне 2.30 коэффициент берілсе, Қазақстан құрамасының жеңісіне 3.23 коэффициенті көрсетілген. Ал тең ойын 3.15-ке бағаланған.
Букмекер сарапшылары Фарер аралдары мен Қазақстан арасындағы кездесуде гол көп болады деп болжауда. Жалпы есептің 2,5-тен көп болуына 1.85 коэффициент ұсынылса, 2,5-тен аз болуына 1.95 көрсеткіші қойылған.
Сонымен қатар “Winlinе.kz” мамандары екі команда да гол соғатын матч болады деп сенеді. “Екі команда да гол соғады — Иә” ставкасы 1.70 коэффициентіне ие, ал “Екі команда да гол соғады — Жоқ” нұсқасының коэффициенті 2.15 болып белгіленген.
Қос команданың бұған дейінгі кездесулері қалай өтті
Екі құрама бұған дейін төрт рет кездескен. 2003 жылы өткен екі жолдастық матчта Фарер аралдары 3:2 және 2:1 есебімен жеңіске жеткен. Ал 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде командалар тағы екі мәрте жолығып, бірінші кездесуде Қазақстан 2:1 есебімен басым түссе, ал қарымта матч 1:1 нәтижесімен аяқталған.
Қазақстан мен Фарер аралдары арасындағы жолдастық матч екі команда үшін де маңызды тәжірибе болмақ. Қос команда іріктеу турнирінде өз мүмкіндіктерін толық көрсете алмаса да, кейінгі ойындардағы қарқыны мен нәтижелері алдағы кездесудің тартысты болатынын көрсетеді. Тарихқа қарап, бұл матч та нәтижелі өтуі ықтимал.
Матчтың фавориті букмекерлік коэффициенттер бойынша Фарер аралдары болса да, Қазақстан құрамасының соңғы турдағы жоғары ойыны және психологиялық дайындықтары жеңіске үміт береді. Сондықтан алдағы жолдастық кездесу қызықты әрі нәтижелі болады деп күтуге болады.
Айта кету керек бүгінгі ойынға “Қайраттың” ойыншылары қатыспайды. Бұл туралы Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Маруаұлы “Бельгияға” қарсы ойыннан кейін мәлімдеген еді.
“Анарбеков бүгін барын салды. “Қайрат” еурокубокта ойнайтын болғандықтан ойыншыларға демалыс беруді жөн көрдік. “Қайрат” ойыншылары бүгін түгелімен жақсы ойын ойнап шықты. Олар Фарер аралдарына қарсы ойынға қатыспай, үйлеріне қайтып қалпына келу жұмыстарымен айналысады. Басшылықпен ақылдасып сондай шешім қабылдадық. Сондықтан Темірлан, Дастан секілді жігіттер үйіне қайтып, қалпына келу жұмыстарымен айналысады”, — деді бапкер.