Лос-Анджелесте тарих жасаймыз - Төрехан Сабырхан - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лос-Анджелесте тарих жасаймыз - Төрехан Сабырхан

Лос-Анджелесте тарих жасаймыз - Төрехан Сабырхан

70 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Төрехан Сабырхан алдағы жоспары туралы айтты.

  • 12 Қаңтар
  • 133
Фото - Caravan.kz

Ұлттық құрама боксшылары Түркістан облысында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Төрехан Сабырхан Аслан Қаженовке берген сұхбатында дайындық барысы, негізгі мақсаты туралы айтты.

”Дайындық өте қызу жүріп жатыр. Осы оқу-жаттығу жиыны аяқталған соң Испания мемлекетіне аттанамыз. Сол жақтағы турнирде бірінші және екінші нөмірлі боксшыларымыз сол жақта өнер көрсетеміз. Қазір дайындық үстіндеміз. Қандай жарыс болмасын дайынбыз. Әлем кубогі, Азия чемпионы, басқа да турнирлерге де дайынбыз. Негізгі мақсат — Азия ойындары және бүкіл қазақ елі күтіп жүрген 2028 жылғы Олимпиада ойындары. 2025 жылы ағам екеуміз әлем чемпионы болдық. Тағы да солай Олимпиадада тарих жасасақ деген мақсатымыз бар”, — дейді ол.

Екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан да Азия ойындарынан жанкүйерлер екі жыл күткен алтынды алуға барын салатынын мәлімдеді.

”Бірінші Азия чемпионаты келе жатыр. Сол жерде алтын алып, әнұранымызды шырқатсақ деген мақсатымыз бар. Одан кейін Азия ойындары. Екі Азия ойындары қатарынан алтын ала алмадық. Осы жолы алтын аламыз деген мақсат бар. Жақсы демалып алдық, жаңа күшпен жаңа белестерді бағындырамыз”, — дейді ол.

Еске сала кетейік, ағалы-інілі Махмұд пен Төрехан Сабырхан 2025 жылдың қыркүйек айында Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында алтын иеленіп, тарихи жетістікке қол жеткізген еді.