“Агросектордағы ең өзекті мәселенің бірі – кадр тапшылығы”: Темір Базарбайұлы депутаттық сауалын жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 475.09
  • 551.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Агросектордағы ең өзекті мәселенің бірі – кадр тапшылығы”: Темір Базарбайұлы депутаттық сауалын жолдады

“Агросектордағы ең өзекті мәселенің бірі – кадр тапшылығы”: Темір Базарбайұлы депутаттық сауалын жолдады

Депутат, «AMANAT» партиясы Фракциясының мүшесі Т. Қырықбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Мақашұлы Жұманғаринге депутаттық сауал жолдады.

  • 1 Сәуiр
  • 10
Фото: Жасанды интеллект

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қырықбаев Темір Базарбайұлы ауыл шаруашылығындағы негізігі мәселелерге тоқталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы Жолдауында: «Елдегі азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін барынша азайту – Үкіметтің стратегиялық міндеті деп атап өткен болатын. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Қазақстанның стратегиялық міндеті, ол отандық ауыл шаруашылығын дамыту, өнімді жеткізу логистикасын оңтайландыру және импортқа тәуелділікті азайту арқылы шешіледі. Тұрақты өндіріс пен сапалы өнім халықтың әл-ауқатын арттырудың басты кепілі болуда. Бүгінгі таңға жаһандық азық-түлік дағдарысы мен халық санының өсуі жағдайында өзін-өзі қамтамасыз ету тәуелсіздік пен тұрақтылықтың маңызды факторына айналуда. Бұл бағыттағы жұмыстар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болып табылады. 

Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде жыл басында өңірлерге барып сайлаушылармен кездесу өткізіп, ауыл-аймақтардағы өзекті мәселелермен таныстым.

Ауылдағы шаруалар агросектордағы ең өзекті әрі күрделі мәселенің бірі ретінде – кадр тапшылығын атап өтті. Әсіресе, малшы, сауыншы, механизатор, ветеринар, агроном, зоотехник секілді мамандардың жетіспеушілігі  бар екенін жеткізді. Бұл жағдай ауылдық жерлердегі тұрмыс деңгейінің төмендігімен, еңбекақы мөлшерінің жеткіліксіздігімен және әлеуметтік қолдау тетігінің әлсіздігімен тікелей байланысты.

Аталған жүйелі мәселелер Жоғары аудиторлық палата есебінде де айқын көрініс тапқан. Атап айтқанда, зейнетақы жарналары аударылмаған азаматтардың санының айтарлықтай көп болуы назар аудартады. Бұл жағдай еңбек заңнамасының сақталу деңгейінде елеулі олқылықтар бар екенін көрсетеді. Мұндай үрдіс жұмыс берушілер тарапынан міндеттемелердің толық орындалмауы немесе бақылау тетіктерінің әлсіздігімен байланысты болуы мүмкін.

Кадр тапшылығының орын алуы агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуына, еңбек өнімділігінің артуына және елдің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді.

Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы саласына мамандарды тарту және оларды тұрақтандыру мақсатында кешенді әрі жүйелі өзгерістер енгізу қажет деп есептеймін. 

Бүгінгі таңға, Үкімет  Қазақстан негізгі азық-түлік өнімдері бойынша толық өзін-өзі қамтамасыз етуге көшуді 2028 жылға дейін жоспарлап отыр. Менің есебім бойынша ауылдағы шаруалардың тарапынан  көтеріп отырған кадрлық мәселесін толыққанды шешпей елімізді азық-түлік өнімдерімен 2028 жылға дейін өзін-өзі толық қамтамасыз етуге мүмкін емес деп санаймын.

Осыған орай келесі мәселелерді шешуді сұраймын:

1. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру мақсатында Үкімет тарапынан қосымша төлемдер қарастырып, жергілікті бюджет есебінен арнайы субсидиялау бағдарламасын енгізуді; 

2. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін азаматтар үшін жеке табыс салығының төмендетілген мөлшерлемесін белгілеуді; 

3. Аграрлық колледждер мен жоғары оқу орындарында мақсатты гранттар санын ұлғайтып, шәкіртақы көлемін арттыруды ұсынамын.

Депутат, «AMANAT» партиясы Фракциясының мүшесі Т. Қырықбаев.