Бокстан Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов алтын медаль жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов алтын медаль жеңіп алды

Бокстан Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.

  • 10 Сәуiр
  • 6
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жерлесіміз 75 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында өзбекстандық Жавохир Абдурахимовпен қолғап түйістірді.

Бірінші үшминуттықта Сабыржан 4:1 есебімен басым түсті. Екінші және үшінші раундта да басымдығын сақтап қалған қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) алтын алса, Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) күмістен алқа тақты.