"Бірінші естігенім, ол Алла, Алла деп жатты": Астанадаға өрт болған пәтердің көршісі сол түні не болғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бірінші естігенім, ол Алла, Алла деп жатты": Астанадаға өрт болған пәтердің көршісі сол түні не болғанын айтты

"Бірінші естігенім, ол Алла, Алла деп жатты": Астанадаға өрт болған пәтердің көршісі сол түні не болғанын айтты

Астанада тұрғын-үйлердің бірінде болған өрттен үш бала қаза тауып, олардың анасы жансақтау бөліміне түскен еді.

  • 13 Сәуiр
  • 14
Cкриншот: Instagram/qazaqstan_aqparat

Бүгін өрт болған пәтердің көршілері сол түнгі оқиғаны баяндап берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Түтінді де, дыбыстарды да естіген жоқпын. Мен тек оттың жанған дыбысын естідім. Сол кезде бөлмедегі розеткаларды тексеріп шықтым, өзім ұйқылы-ояу болдым. Ең бірінші байқағаным, ол түтін. Ол бір қара түтін болған жоқ, ақ түтін болды. Иісін де сезген жоқпын. Соған қарағанда, ұйықтап жатып, денеме сіңіп қалған деп ойлап тұрмын.

Бірінші естігенім, ол — Алла, Алла деп жатты. Қатты шыңғырған да емес. Амалсыздан қиналған адам, құдайға жалынады ғой? Сондай дыыбстар болды. Мен қораға шығып, көршілердің есігін тарсылдатып, айғайлай бастадым. Бірақ ешкім ашпады.

Одан кейін басқа көршілердің есіктерін бар күшіммен тарсылдаттым, ешкім шықпады. Подъезд бойынша аралап, екінші рет қайтадан тарсылдатып, ортасында жүгіріп жүрдім. Ең бірінші менің пәтеріме қарама-қарсы көршілер шықты, күйеуі мен әйелі.

Олар есікті ашқанда не болып жатқанын мүлдем түсінбей тұрды. «Не болды?» деп сұрады. Мен ең бірінші түтіні көрген кезде, есікке барып, тарттым, есік жабық болды. Бізде есіктер қалың, байқаған шығарсыздар, соның арқасында түтін далаға шықпай тұрған. Менің пәтерім олармен бір қабырғаның ар жағында болған соң олармен, сол себепті түтін бірінші болып жеткен шығар деп ойлаймын», — деді ол.

Айта кетейік, Астанадағы Түркістан көшесінің бойында орналасқан «Көркем 3» тұрғын-үй кешенінің 15-ші қабатында өрт шығып, үш кәмелет жасына толмаған бала өртте қаза тапқан еді. Олардың анасы үшінші дәрежелі күйікпен ауруханаға жеткізілген болатын. Қазіргі таңда аталған оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.