"Кеше ғана шешесімен бірге жүрген, бүгін қабірде жатыр": Өртте қаза болған қыздың жаттықтырушысы отбасы туралы өз шындығын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 476.97
  • 562.59
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кеше ғана шешесімен бірге жүрген, бүгін қабірде жатыр": Өртте қаза болған қыздың жаттықтырушысы отбасы туралы өз шындығын айтты

"Кеше ғана шешесімен бірге жүрген, бүгін қабірде жатыр": Өртте қаза болған қыздың жаттықтырушысы отбасы туралы өз шындығын айтты

Астанада тілсіз жаудың кесірінен бір үйдің үш баласы бірдей мерт болған оқиға Қазақстан халқын дүр сілкіндірді.

  • 14 Сәуiр
  • 17
Фото: Caravan.kz

Үйдің үлкен қызының жаттықтырушысы оның өмірде қандай болғанын еске алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында жазды.

«Кеше ғана шешесімен бірге жүрген Айзере, бүгін қабір астында жатыр. Жаңа жерлеп шықтық, Софиевка деген жерде. Кім ойлады? Бүгін бар, ертең жоқ деген осы.

Жатқан жерлері жайлы, топырағы торқа болсын. Үш баланы жерлеп келе жатырмыз, Алла сақтасын. Әкесі Қабекеңе Алла сабыр, күш берсін. Жанаргүл шешесіне Алла шипа берсін.

Хал үстінде жатыр. Жаңа жерлеп тұрып, ойлап тұрдым. Әкесіне қарап, орнына өзімді қойсам. Алла сақтасын. Қандай ауыр соққы, үш баладан бірден айырылу. Қателіктен сақтасын Алла», — деді ол.

Айта кетейік, Астанада көпқабатты тұрғын-үйлердің бірінде өрт шығып, бір үйдің үш баласы тіл тартпай кеткен еді. Балаларды анасы ауыр халде, жан сақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.