Балаларды тірідей жандырмай құтқарып қалуға болар еді - Гүлмира Әбіқай - kaz.caravan.kz
  • $ 476.97
  • 562.59
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балаларды тірідей жандырмай құтқарып қалуға болар еді - Гүлмира Әбіқай

Балаларды тірідей жандырмай құтқарып қалуға болар еді - Гүлмира Әбіқай

Журналист, қоғам белсендісі Астанада өртте қаза болған балалардың өліміне қатысты пікір білдірді.

  • 14 Сәуiр
  • 6
Фото: Instagram/gulmira_abykai_official

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналист балалардың өліміне әкелген оқиғаға қатысты кінәлілердің барлығының жазалануын талап етті.

«Cоңғы дем. 3 баланы жалмаған пәтерде алапат өрт болып жатқанын, тіпті, қабырғалас көрші сезбеген. Өрт үнсіз һәм иіссіз, түтін ақ болған. Көршіні ыстық жалын емес сырт-сырт еткен оттың жанған дыбысы оятыпты. Розеткаларды тексеріп шығып, орнына қайта жатады. Осы сәтте жанұшырған көмек емес ақырын ғана Аллаға жалбарынған ыңырсыған дауысты естиді.
Бұл көз алдында 3 баласы өртеніп, өзі күйікке оранған ананың ақырғы күші еді…

Қандай қиын жағдай. Әшейінде, әр сөзіңді көршіге естіртіп, еденге түскен қасығыңды қазандай қылатын қабырғалар да бұл жолы үнсіз қалған. Есік ашылмай, түтін сезілмей, көрші естімей, жалын көрінбей, көлік өте алмай, әйтеуір, бір қырсық шалған түн болды. Бәрі сол балалардың өліміне ыңғайланғандай…

Балаларды тірідей жандырмай құтқарып қалуға болар еді ғой… Үш баланы құтқаруға кім кедергі болды, бәрі заңды жауапқа тартылуы тиіс», — деп жазды ол.