Астанада Automechanika Astana 2026 халықаралық көрмесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Automechanika Astana 2026 халықаралық көрмесі өтеді

Астанада Automechanika Astana 2026 халықаралық көрмесі өтеді

10-12 маусым аралығында Астана қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында Automechanika Astana 2026 халықаралық көрмесі ұйымдастырылады

  • 26 Мамыр
  • 3
Фото: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл — Орталық Азиядағы автомобиль компоненттері, сервистік жабдықтар, логистика, майлар мен автохимия саласындағы ең ірі салалық іс-шара. Көрме Қазақстанның халықаралық саудасын дамытуға және жаһандық жеткізу тізбектеріне интеграциялануына арналған маңызды алаң саналады.

Биыл шара 10 жылдық мерейтойын атап өтеді. Оған Германия, Франция, Қытай, Корея, Түркия және басқа да елдерден 400-ден астам компания қатысады.

Көрмені Messe Frankfurt GmbH халықаралық компаниясы ұйымдастырады, ал Орталық Азиядағы ресми өкіл — Business Media Central Asia (BMCA).

Іс-шара аясында B2B кездесулер, жаңа технологиялар таныстырылымы және сараптамалық сессиялар өтеді.

Көрмеге кіру тегін.