"Не үшін ол жаққа барғаны белгісіз": Денесі өлі табылған алматылық жігіттің өліміне қатысты туыстары өз шындығын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Не үшін ол жаққа барғаны белгісіз": Денесі өлі табылған алматылық жігіттің өліміне қатысты туыстары өз шындығын айтты

"Не үшін ол жаққа барғаны белгісіз": Денесі өлі табылған алматылық жігіттің өліміне қатысты туыстары өз шындығын айтты

Журналист Жомарт Түзелбай Ерзаттың туыстары оның өз-өзіне қол салғанына сенбейтінін мәлімдеді.

  • 26 Мамыр
  • 4
Фото: Instagram/gulmira_abykai_official

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Оның айтуынша, марқұмның туыстары оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді.

«Марқұм 6 ай бұрын ғана шаңырақ көтерген. Жұбайының аяғы ауыр. Туыстары, Ерзаттың өз-өзін өлтіргеніне сенбейді. Алайда, полиция департаменті мәйіттен ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталмағанын айтуда. Қаза тапқан жігіттің аталған Космос ауылында ешбір танысы болмаған. Не үшін ол жерге барғаны белгісіз. Медициналық сараптаманың жауабы да әлі айтылмапты», — деді ол.

Айта кетейік, жас жігіттің өліміне қатысты шындық әлі де беймәлім. Жақындары оның ішпейтінін, шылым шекпейтінін, намазға жығылатынын айтады. Өкініштісі, оның соңында жүкті әйелі қалды. Қазіргі таңда аталған факт бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.