"Қолма қол ақша алған": Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басшысының парамен ұсталғаны туралы ақпарат тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.34
  • 564.45
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қолма қол ақша алған": Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басшысының парамен ұсталғаны туралы ақпарат тарады

"Қолма қол ақша алған": Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басшысының парамен ұсталғаны туралы ақпарат тарады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. Журналист басшының қолма-қол пара алғанын хабарлады. "Азиада мен Дүниежүзілік көшпе

  • 5 Маусым
  • 5
Фото: Instagram/kazhenov.aslan

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналист басшының қолма-қол пара алғанын хабарлады.

«Азиада мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясының бұрынғы басшысы Наиль Нұров ірі көлемде пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Мәліметке сәйкес, ол қазір Астанадағы тергеу изоляторында отыр.

Наиль Нұров бұған дейін 2011 жылғы Азиада мен 2017 жылғы Дүниежүзілік Универсиаданы ұйымдастыру жұмыстарына қатысқан. Сондай-ақ 2024 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындықты басқарған.

Тергеу нұсқасы бойынша, ойындар аясында құны 500 миллион теңгеден асатын этноауыл құрылысына келісім жасалып, кейін мердігерлерден жоба құнының 10 пайызы көлемінде «қайтарым» талап етілген. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қаражат Нұровқа қолма-қол берілген. Қазір іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр», — деп жазды ол.