Қазақстанға жаңа шетелдік әуе компаниясы келді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.76
  • 562.39
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға жаңа шетелдік әуе компаниясы келді

Қазақстанға жаңа шетелдік әуе компаниясы келді

Ереваннан Алматыға жаңа әуе рейстері ашылды.

  • 12 Маусым
  • 5
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Арменияның FlyOne Armenia әуе компаниясы Қазақстанға тұрақты рейстерді іске қосты. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, халықаралық әуе қатынастарының географиясын кеңейту және рейстер санын арттыру жұмыстары аясында 12 маусымнан бастап Арменияның жаңа әуе тасымалдаушысы Қазақстан нарығына кірді.

Енді FlyOne Armenia әуе компаниясы Ереван – Алматы бағыты бойынша аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындайды.

Жаңа бағыттың ашылуы нәтижесінде Қазақстан мен Армения арасындағы тұрақты әуе рейстерінің саны аптасына 3-тен 5 рейске дейін көбейеді.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, жаңа әуе қатынасы екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени байланыстарды дамытуға қосымша мүмкіндік береді. Сондай-ақ азаматтардың сапарлау мүмкіндігін кеңейтіп, іскерлік қарым-қатынастың нығаюына ықпал етеді.

Айта кетейік, соңғы жылдары Қазақстан халықаралық әуе бағыттарының санын кезең-кезеңімен арттырып келеді. Бұл өз кезегінде елдің көлік-логистикалық әлеуетін күшейтіп, туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Бұған дейін Қазақстан мен Моңғолия астаналары арасында әуе қатынасы ашылған еді.