Алматы облысының Ұзынағаш ауылында 29 маусымда 21 жастағы Диананың денесі табылды. Бойжеткеннің туыстары оның өзіне қол жұмсағанына күмән келтіріп, оны біреу өлтіруі мүмкін деп санайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
«Криминальный Казахстан» мәліметіне сүйенсек, марқұмның анасының айтуынша, Диана қайтыс болар алдында оған сыйлықтар жасап, сұлулық салонына апарып, концертке билет сатып алған. Жұмыстан кейін ол ағасының үйіне бармақ болған, алайда түнде онымен байланыс үзілген.
Отбасы мүшелерінің айтуынша, марқұмның денесінде көптеген көгерген із болған. Сондай-ақ жақындарының сөзінше, оның сөмкесінен 100 мың теңге, ал мойнынан алтын шынжыр жоғалған. Кейін Диананың жеке заттарын туыстары жырадан тауып, тергеушіге тапсырған.
Туыстары оқиғаға куәгер болуы мүмкін әйелдің сөзін де алға тартады. Олардың айтуынша, ол дәретхананың маңынан екі көлік пен төрт жас жігітті көрген.
Полицияның мәліметінше, аталған факті бойынша «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жалғасып жатыр.