Алматыда FlyArystan ұшағынан өрт шығып, бір адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда FlyArystan ұшағынан өрт шығып, бір адам зардап шекті

Алматыда FlyArystan ұшағынан өрт шығып, бір адам зардап шекті

Алматы әуежайында FlyArystan компаниясының ұшағынан өрт шықты.

  • 28 Тамыз
  • 1
Фото: видеодан алынған скрин

Air Astana тобының мәліметіне сәйкес, Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan әуе кемесіне жоспарлы техникалық қызмет көрсету жұмыстары барысында өндірістік оқиға болған. Техникалық қызмет көрсету жұмыстары кезінде әуе кемесінен өрт шыққан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

— Өрт әуежайдың жедел қызметтері тарапынан дереу сөндірілді. Air Astana тобының қызметкері жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханадан шығарылды. Оқиға кезінде әуе кемесінің бортында жолаушылар да, экипаж мүшелері де болмаған, — делінген мәлімдемеде.

Air Astana тобы қазір әуе кемесі зақым көлемін бағалау және қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ол пайдаланудан уақытша алынып тасталғанын атап өтті. Одан бөлек өндірістік оқиғаның мән-жайларын анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.