Құрылтайда төрағаның үш орынбасары сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрылтайда төрағаның үш орынбасары сайланды

Құрылтайда төрағаның үш орынбасары сайланды

Ашық дауыс беру барысында Құрылтай депутаттары ұсынылған кандидатураларды қолдады.

  • 28 Тамыз
  • 1
фото; Ақорда

Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың төрағасы Айбек Дәдебай өзінің үш орынбасарының кандидатурасын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қорытындысында Құрылтай төрағасының орынбасарлары болып Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева, «Әділет» партиясының депутаттары Динара Зәкиева және Нұрлан Бекназаров сайланды.

Ашық дауыс беру барысында Құрылтай депутаттары ұсынылған кандидатураларды қолдады.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Айбек Дәдебайдың кандидатурасын Құрылтай төрағасы лауазымына ұсынды. Депутаттар оның кандидатурасын қолдады.

Қазақстанда бір палаталы Парламент

Бір күн бұрын Орталық сайлау комиссиясы бір палаталы Құрылтайдың жаңа депутаттарын тіркеді. Оларға депутат куәліктері мен төсбелгілері табысталды.

1

Еске салайық, 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Оны қабылдағаннан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, олардың депутаттарының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай құрылды. Жаңа Парламент құрамына бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутат кіреді.

23 тамызда Қазақстанда Құрылтайдың алғашқы сайлауы өтті. Бұл — 1991 жылдан бері елдегі оныншы парламенттік сайлау және конституциялық реформадан кейінгі алғашқы сайлау.

25 тамыздағы жағдай бойынша, дауыс беру қорытынды нәтижелерін мына жерден көруге болады.

Сайлау қорытындысы бойынша Құрылтайға бес саяси партия өтті өтті. Олардың арасында мандаттар келесідей бөлінді:

  • «Әділет» партиясы – 110 мандат;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 8 мандат;
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 10 мандат;
  • «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8 мандат;
  • Respublica партиясы – 9 мандат.