Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне 73 мыңға жуық жұмысшы маман қажет болады - kaz.caravan.kz
  • $ 454.46
  • 527.72
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне 73 мыңға жуық жұмысшы маман қажет болады

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне 73 мыңға жуық жұмысшы маман қажет болады

Қазіргі уақытта Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде шамамен 1,1 млн адам жұмыс істейді

  • 9 Қыркүйек
  • 1
Фото: ЖИ

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров үкімет отырысында мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

2035 жылға қарай Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне 73 мыңға жуық жұмысшы маман қажет болады.

«Қазіргі уақытта Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде шамамен 1,1 млн адам жұмыс істейді. Оның 595 мыңы – жұмысшы мамандар. Саланың 2035 жылға дейінгі даму перспективаларын ескере отырып, агроөнеркәсіп кешеніне шамамен 73 мың білікті жұмысшы кадр қажет болады», — деді Сапаров.

Айтуынша, елімізде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін шамамен 300 мың ауыл шаруашылығы өндірушісі жұмыс істейді. Жыл сайын аграрлық колледждерге шамамен 4,8 мың студент қабылданады.

Агроөнеркәсіп кешені үшін кадрлар 17 мамандық пен 61 біліктілік бойынша даярланады. Білім беру бағдарламалары өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, ветеринария, балық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, механикаландыру және басқа да бағыттарды қамтиды.

«Дуальды оқытуды дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Колледждердің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен ынтымақтастығы кеңейіп, жұмыс берушілер өндірістік практиканы ұйымдастыруға және болашақ мамандар даярлауға белсенді қатысуда», — дейді министр.

Еліміздің барлық өңірінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен өндірістік практиканы ұйымдастыру және түлектерді кейіннен жұмысқа орналастыру туралы келісімдер жасалыпж жатыр. Мұндай тәсіл студенттердің практикалық дағдыларды тікелей өндірісте меңгеруіне мүмкіндік береді және олардың еңбек нарығындағы сұранысын арттырады, дейді министрлік.