”Қазақстанның атынан қатысқанымды мақтан тұтамын”: Рыбакина жаңа мәртебесі туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 450.91
  • 522.69
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Қазақстанның атынан қатысқанымды мақтан тұтамын”: Рыбакина жаңа мәртебесі туралы

”Қазақстанның атынан қатысқанымды мақтан тұтамын”: Рыбакина жаңа мәртебесі туралы

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 14 қыркүйекте ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанады.

  • 10 Қыркүйек
  • 1
Фото: usopen.org

Спортшы US Open турнирінің ширек финалынан кейінгі баспасөз мәслихатында бұл жетістіктің Қазақстан үшін маңызын атап өтті, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Рыбакина Қазақстан атынан қатысатынын мақтан тұтатынын айтып, ел тұрғындарына қолдауы үшін алғыс білдірді.

«Бұл – тарих. Қазақстан атынан өнер көрсететінімді мақтан тұтамын. Қазақстанға әр барған сайын, қай қалаға барсам да, балалардың көп екенін көремін. Қазір олар тенниспен айналысып жүр, теннис алаңдарына келетін балалардың саны артып келеді. Саған қарап тұрған көптеген жасты көру – керемет сезім. Бұл өзіңе сеніп, тынымсыз еңбек етсең, бәріне қол жеткізуге болатынын көрсетеді», – деді теннисші.

Оның айтуынша, әзірге телефонын қарап, барлық құттықтауларды оқып үлгермеген.

«Қазір Қазақстанда емеспін. Бірақ елге барған кезде баршаға алғысымды білдіргім келеді. Қазақстанға оралу – керемет сезім. Өкінішке қарай, ол жаққа жиі бара алмаймын. Дегенмен бұл – ел үшін керемет жетістік деп ойлаймын», – деді Рыбакина.

Елена Рыбакина мансабында алғаш рет US Open турнирінің жартылай финалына шықты. Финал жолдамасы үшін ол америкалық Кори Гауффпен кездеседі.

Рыбакина Қазақстан тарихында әйелдер арасындағы жекелей сында әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілген алғашқы теннисші атанғалы отыр.

Қазіргі уақытта қазақстандық спортшының жеке разрядта WTA турнирлерінде 13 жеңісі бар. Рыбакина – «Үлкен дулыға» турнирлерінің екі дүркін чемпионы. 2022 жылы ол Уимблдонды жеңіп, осы санаттағы алғашқы титулына қол жеткізді. Ал 2026 жылы Australian Open турнирінде топ жарды.

Сондай-ақ Рыбакина 2025 жылы Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы атанды.