"Реванш сұраймыз": Жапон файтеріне есе жіберген Қаршыға Дәуітбек мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 524.13
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Реванш сұраймыз": Жапон файтеріне есе жіберген Қаршыға Дәуітбек мәлімдеме жасады

"Реванш сұраймыз": Жапон файтеріне есе жіберген Қаршыға Дәуітбек мәлімдеме жасады

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қаршыға Дәуітбек Жапонияның Осака қаласында өткен Super RIZIN 5 турнирінде жапондық Рэн Хирамотомен жекпе-жек өткізді.

  • 11 Қыркүйек
  • 36
Фото: Видеодан скрин

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Үш раундқа жоспарланған кездесу қорытындысы бойынша төрешілердің бөлек шешімімен Рэн Хирамото жеңіске жетті.

Қаршыға Дәуітбек бұл жекпе-жекке дейінгі кәсіби мансабында 19 жеңіс пен 3 жеңіліс тіркеген. Оның 15 жеңісі нокаут арқылы келген. Ал Рэн Хирамото үшін бұл кәсіпқой ММА-дағы бесінші жеңіс болды. Осылайша қазақстандық спортшы мансабындағы төртінші жеңілісіне ұшырады.

Отандасымыз Instagram желісіндегі парақшасында видео жариялап, төрешілер шешімімен келіспейтінін айтты.

«Қазақ елі, барлықтарыңыздың қолдауларыңызға рақмет. Жекпе-жекті бүкіл Жапония көрді. Жеңіске жеттім деп ойлаймын. Өзімді ұтылдым деп ойламаймын. Төрешілердің шешімі солай болды. Қолдан келетін шара жоқ. Бірақ, бүкіл Жапония өздерінің спортшыларының ұтылғанын мойындап отыр. Келесі жолы реванш сұрап, төрешілер шешіміне жеткізбеуге тырысамыз. Бұл жекпе-жекте бірінші раундта бұрышқа тақап ұрып жатқан кезде қолым сынып кетті. Сол себепті екінші, үшінші раундтарда жақсы соққылар жасай алмадым», — дейді ол.

Хирамото негізінен кикбоксингте өнер көрсетеді. Ол кәсіпқой ММА-дағы соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың шілде айында өткізген. Жапон спортшысының әлеуметтік желідегі аудиториясы да үлкен. Оның Instagram парақшасында 500 мыңнан астам жазылушы бар.

Бұл жеңілістен кейін Қаршыға Дәуітбектің RIZIN-дегі рекорды 5-2 болды.

Айта кетейік, Қаршыға Дәуітбек жеңіл салмақта өнер көрсетеді. Ол бұған дейін Alash Pride, ACB, ACA және жапондық RIZIN Fighting Federation ұйымдарында жекпе-жек өткізген. Қазақстандық файтер қарсыластарын көбіне нокаутпен жеңіп, елдегі ең тартымды жекпе-жек шеберлерінің бірі ретінде танылған.