Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан мен Өзбекстан халықаралық автокөлік тасымалдары үшін қосымша 20 мың рұқсат бланкісімен алмасуға келісті.
Келісім Самарқанд қаласында Қазақстан–Өзбекстан халықаралық автомобиль қатынасы жөніндегі аралас комиссиясының кезекті отырысында жасалды.
«Тараптар 2026 жылдың соңына дейін электрондық рұқсат бланкілерімен шектеусіз алмасуға көшу мәселесін пысықтауға уағдаласты. Бұл халықаралық автокөлік тасымалдарын жыл сайын белгіленетін рұқсат квотасына байланысты шектеулерсіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді», — деп жазды Көлік министрлігі.
Транзиттік тасымалдарды дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды.Бұл әкімшілік рәсімдерді қысқартып, транзиттік бағыттардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
«Отырыста автомобиль жолдарының инфрақұрылымын дамыту және оның сақталуын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Осы бағытта тараптар тәжірибе және үздік практикалармен алмасуға келісті. Сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын үйлестіру және Еуразия кеңістігінде бірыңғай көлік-логистикалық қаңқаны қалыптастыру мәселелері талқыланды», — делінген хабарламада.
Отырыс барысында екіжақты және транзиттік жүк тасымалдарын дамытуға қатысты өзекті мәселелер қаралды.