”Өзінің іздегенін таба алмағандықтан сол позицияда”: Шығыстанушы-ғалым тәңіршілдер туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.8
  • 516.76
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Өзінің іздегенін таба алмағандықтан сол позицияда”: Шығыстанушы-ғалым тәңіршілдер туралы

”Өзінің іздегенін таба алмағандықтан сол позицияда”: Шығыстанушы-ғалым тәңіршілдер туралы

Белгілі шығыстанушы-ғалым Төреәлі Қыдыр тәңіршілдер мен атеистер туралы сөз етті.

  • 15 Қыркүйек
  • 2
Screenshot

Ғалым дін мамандары халыққа Исламды дұрыс жеткізбегенін айтты.

Бұл туралы ол журналист “Qypshaq qyzy” подкастында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Көп адамдар “атеистер көбейіп кетті” деп жатады. Жоқ, көбейген жоқ. Осыдан 20 жыл бұрынғы уағыздарға бұлардың жауабы сол, шошытып алдық. 90-шы жылдардың басында халықтың дінге деген ықыласы қандай еді, олар жақсы ықыласпен келді. Сырттан 2000 жылдардың басында әр елден оқып келгендер дінді емес догманы айтып кетті, содан бұлар шошыды”, — деді ғалым.

Сондай-ақ, оның сөзінше дін тәңіршілдерге дұрыс жетпеген.

”Қарап тұрсаң, олардың айтып жатқан төрде ілініп тұрған атасының Құранынан, әжесінің айтқан ертегілерінен басқа әңгіме. “Исламың мынау болса бізге керек емес, бізге ата-бабамыздың айтқан дүниелері керек” деп оларға сын айтты. Біз сын айтқанның бәрін тәңірші дедік, тәңірші емес, оларға дінді дұрыс жеткізе алмағандықтан өзінің іздегенін таба алмағандықтан сол позицияда тұр”, — деді Төреәлі Қыдыр.