Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Белгілі болғандай, ол есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында грек-рим күресінен Қазақстан чемпионы Тілектес Әділ болған. Ол Түркістан облысындағы зауытта жұмыс істеп жүрген жерінде қайтыс болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, спортшы ауысым кезінде электр тогына түсіп, биіктіктен құлап кеткен. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Тілектес Әділдің артында әйелі мен екі баласы қалды.