«Намысым қорғалғанына қуанып тұрмын»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі сот үкімінен кейін жылап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.88
  • 516.58
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Намысым қорғалғанына қуанып тұрмын»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі сот үкімінен кейін жылап қалды

«Намысым қорғалғанына қуанып тұрмын»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі сот үкімінен кейін жылап қалды

Блогер әрі актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.

  • 16 Қыркүйек
  • 47
Фото: Видеодан скрин. Коллаж: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Нұрсұлтан Жақсыгенге Қылмыстық кодекстің 274-бабының 2-бөлігі, 3-тармағы бойынша, яғни онлайн-платформаларды пайдаланып көрінеу жалған ақпарат таратты деген айып тағылған.

Сот үкімі шыққаннан кейін блогердің экс-әйелі Фариза Алмасқызы Instagram stories-те эмоциясын білдірді. Ол көз жасына ерік беріп, өзіне қатысты айтылған жаладан кейін намысы қорғалғанына қуанышты екенін жеткізді.

«Үкім шықты. Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Қазір намысым қорғалып, ақталып шыққаныма қатты қуанып тұрмын. Себебі, өте үлкен жала жабылған болатын. Үстімнен ауыр жүк түскендей болды. Жеңілдеп қалдым. Барлықтарыңыздың қолдауларыңызға рақмет», – деді Фариза Алмасқызы.