Қаржы министрлігі инвестициялық компанияларға лицензия бермейтінін ескертті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.88
  • 513.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы министрлігі инвестициялық компанияларға лицензия бермейтінін ескертті

Қаржы министрлігі инвестициялық компанияларға лицензия бермейтінін ескертті

ҚР Қаржы министрлігі әлеуметтік желілерде Қаржы министрі Мәди Такиевтің атынан инвестициялық қызметті жүзеге асыруға лицензия берілгені туралы тараған ақпараттың жалған екенін мәлімдеді

  • 17 Қыркүйек
  • 1
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарын әлеуметтік желілерде таралып жатқан мұндай мәліметтерге сенбеуге шақырды.

– Аталған ақпарат жалған және шындыққа сәйкес келмейді. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қаржы нарығында брокерлік, дилерлік, инвестициялық немесе өзге де кәсіптік қызметті лицензиялаумен айналыспайды, – делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, Қазақстанда инвестициялық компанияларды, брокерлерді және қаржы нарығының басқа да кәсіби қатысушыларын лицензиялау, тіркеу және олардың қызметін қадағалау заңнамада белгіленген уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне жатады.

Қазақстанның қаржы нарығында қызмет ұсынатын кез келген ұйым заңда белгіленген тіркеу рәсімінен өтіп, тиісті рұқсат алуға міндетті.