Қазақстанда жылына 55 мың тонна «жасыл» сутегі өндіру жоспарланып отыр  - kaz.caravan.kz
  • $ 444.88
  • 513.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жылына 55 мың тонна «жасыл» сутегі өндіру жоспарланып отыр 

Қазақстанда жылына 55 мың тонна «жасыл» сутегі өндіру жоспарланып отыр 

Жобаның орындылығы расталған жағдайда, оның алдын ала құны шамамен 2 млрд АҚШ долларын құрайды.

  • 17 Қыркүйек
  • 1
Фото: Энергетика министрлігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облысында құны шамамен 2 млрд доллар болатын «жасыл» сутегі мен аммиак өндіру жобасын іске асыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Президенттің Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстанның Энергетика министрлігі, ШҚО әкімдігі және YPP Corporation арасында «Жасыл энергетикалық кешен» жобасы бойынша меморандумға қол қойылды.

Жоба аясында жалпы қуаты шамамен 1 ГВт болатын жаңартылатын энергия нысандарын салу көзделген. Кешен жылына 55 мың тоннаға дейін «жасыл» сутегі немесе 310 мың тоннаға дейін «жасыл» аммиак өндіре алады.

Жобаның орындылығы расталған жағдайда, оның алдын ала құны шамамен 2 млрд АҚШ долларын құрайды.

Меморандум Қазақстан мен Кореяның сутегі және жаңартылатын энергетика саласындағы зерттеулер, тәжірибе алмасу және перспективалы жобаларды бірлесіп пысықтау бағытындағы ынтымақтастығын көздейді.