Қазақстанда адам капиталына 10 триллион жұмсалады: жоба - kaz.caravan.kz
  • $ 444.88
  • 513.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда адам капиталына 10 триллион жұмсалады: жоба

Қазақстанда адам капиталына 10 триллион жұмсалады: жоба

Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы 2027 жылы Қазақстан бюджетінің 35 пайызын адами капиталға бағыттау жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

  • 17 Қыркүйек
  • 1
Фото - Caravan.kz

Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы 2027 жылы Қазақстан бюджетінің 35 пайызын адами капиталға бағыттау жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Құрылтайда еліміздің 2027–2029 жылдарға арналған бюджет жобасын таныстыру барысында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаражат қайда жұмсалады?

Вице-министрдің айтуынша, бюджет жобасында бес негізгі бағыт бар. Оның ішінде адами капиталға инвестиция салу басым бағыт ретінде аталды. 2027 жылы бұл салаға 10,5 триллион теңге қарастырылған – бұл бюджеттің жалпы көлемінің 35 пайызы.

«Адамға жұмсалатын шығындар – бұл аталған цифрлардың артында нақты адамдардың тағдыры тұрғанын түсінуіміз керек. Әлеуметтік бағыттарға арналған бюджет адамға бағытталғанын ұғыну қажет. Бұл өте маңызды: әлеуметтік бюджет, яғни оның әлеуметтік қорғалуын, денсаулығын, білімін қамтамасыз ету және дамуына мүмкіндік беру. Қаражаттың негізгі бөлігі әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау салаларына тиесілі», – деді Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы.

Ол 2027 жылы әлеуметтік қолдау жалғасатынын атап өтті – бұл мақсатқа 6,9 триллион теңге бөлінген.

«Көмек, бірінші кезекте, оған шынымен мұқтаж азаматтарға көрсетіледі», – деп түйіндеді сөзін вице-министр.

«Адами капитал» деген не?

Вице-министр Абзал Бейсенбекұлы мемлекеттің азаматтарға арналған негізгі әлеуметтік қолдауы мен қызметтеріне жұмсалатын шығындарды – зейнетақы, жәрдемақы, медициналық сақтандыру және басқа да төлемдерді айтқан болуы мүмкін.

Бұған дейін Tengrinews.kz бюджеттің бұл бөлігіндегі ең көп қаражат – 6,8 триллион теңге – азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруға және оларға төленетін төлемдерге бағытталатыны туралы жазған болатын. Әдетте бұған зейнетақы мен жәрдемақылар кіреді. Бұл қаражаттың операторы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Тағы 2,6 триллион теңге денсаулық сақтау саласына қарастырылған. Оның 2,2 триллионы кепілдендірілген трансферт ретінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылады. Бұл, атап айтқанда, балаларды, студенттерді, зейнеткерлерді және азаматтардың басқа да жеңілдігі бар санаттарын медициналық сақтандыруға арналған қаражат.

2027 жылы қазынаға қанша ақша түсетіні және қайдан келетіні, олардың не нәрсеге жұмсалатыны, қай салалар ең көп қаржыландырылатыны және жаңа жылда Ұлттық қордан қанша қаражат бөлінетіні туралы толығырақ мына сілтеме арқылы оқи аласыздар